11 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді


АСТАНА. ҚазАқпарат — 11 ақпанда ел аумағының басым бөләгәнде ауа ағынының өтуі салдарынан кей жерлерінде қар жауады, тек батыс және орталық Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-22 м/с күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/11-akpanda-el-aumagynyn-basym-boliginde-burkasyn-bolyp-zhel-kusheyedi_a3496938”

Похожие материалы (по тегу)

Новости